Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп шетелден әкелінетін барлық тауарға баж салығы енгізілетінін жариялаған болатын. ЕО елдерінен келетін тауарға 20 пайыз, Швейцария үшін 31 пайыз, Ұлыбритания үшін 10 пайыз, Израиль үшін 17 пайыз, Қазақстан үшін 27 пайыз болады делінді, ең жоғары төлем Вьетнамға (46 пайыз), Камбоджаға (49 пайыз), Лаосқа (48 пайыз) жүктелген еді.
АҚШ Қазақстан тауарларына 25% баж салығын енгізуге ниетті
Фото: iStock
605
оқылды

АҚШ билігі 1 тамыздан бастап Қазақстаннан импортталатын тауарларға 25 пайыздық кедендік тариф енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жаңа салық тек АҚШ аумағынан тыс өндірілген өнімдерге қатысты болады. Ел ішінде жұмыс істейтін компанияларға бұл талап қолданылмайды.

Егер Қазақстан өз тарапынан америкалық өнімдерге қосымша салық салатын болса, АҚШ қосымша пайыз енгізуі мүмкін екені көрсетілген құжатта.

2025 жылғы 2 сәуірде Дональд Трамп әлем елдерінен импортталатын тауарларға ауқымды кедендік баждар туралы жарлыққа қол қойған болатын. Жарлық бойынша Қазақстан үшін 27% баж енгізу жоспарланған. 

Алайда АҚШ қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа байланысты бұл шараны уақытша тоқтатып, 10% базалық алымды сақтай отырып, келіссөздер жүргізуге мүмкіндік берген еді. Аталған тоқтата тұру мерзімі 9 шілдеде аяқталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.