Оның айтуынша, Димаш Құдайбергеннің концертіне дайындық өте жақсы жүріп жатыр.
«Вьетнамдағылар қазақ тілін де үйреніп алған»: Димаш Құдайбергеннің анасы қазақ елін қуантып тастады
dimashnews.com
770
оқылды

Әлемдік деңгейдегі алпауыт әнші, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыз Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парағында қуанышты жаңалығын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты

"Димаштың вьетнамдық фанаттарына көп рақмет айтқым келеді. Әуежайдан бастап күтіп алып, концертте Димашқа үлкен қолдау көрсеткендеріңіз үшін, Димаштың бөлмесін ерекше гүл шоқтарымен безендіргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Димаштың вьетнамдық фанаттары қазақ тілін де үйреніп алған, біздің ана тілімізге, елімізге, Димаштың өнеріне деген құрметтеріңіз үшін өте ризамыз",  – деді Света Айтбаева.