Мөлдір Мұқанова Instagram желісіндегі ресми парақшасында видео жариялап: "Сіз үшін бақытты отбасы деген не?" деп жазба қалдырды.
«Не боларын білмей жүр»: продюсер Мөлдір Мұқанова желіде бейтаныс ер адаммен көзге түсті
1,643
оқылды

Танымал продюсер, қазіргі уақыттағы танымал әнші Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жаңа видео жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мөлдір Мұқанова Instagram желісіндегі ресми парақшасында видео жариялап: "Сіз үшін бақытты отбасы деген не?" деп жазба қалдырды.

Видеода белгісіз бір ер адаммен диалог құрады.

Мөлдір екі егде тартқан отбасына көз тастайды.

"Мәңгілік және адал отбасы", - деп жауап берді ол.

Оның бұл әрекеті оқырмандарына жақпай қалды.

"Бұл да Қайраттың Жұлдызы құсап не боларын білмей жүрген әйел де. Ақша көк, тамақ тоқ, көйлек көк не әйтпесе бір тірлікті ұста да отыр сонымен, ырбаң-ырбаң етіп анаған да, мынаған жүгіріп өз қасиетін кетірмей", "Қайраттың қатыны екіқабат болып тынды, енді мынау шықты орнына ырбыңдап бір күні", "Мен Тұрсынбектің басқа біреуге қарапты дегеніне сенбеймін", - деп жазды.