Қазіргі қазақ қоғамының мәдени стратегиясында фольклорлы-этнографиялық бағытқа жеткілікті деңгейде назар аударылып отыр ма? Бұл бағыттың дамуына әсер ететін кедергілер бар ма?
Аiqyn тілшісінің бұл сұрағына Дінзухра Нұрғисақызы жауап берді.
– Иә, кедергілер жеткілікті. Бірақ мүмкіндігінше бізді қолдайтынын айтқым келеді. Кей кезде оркестрге аспаптар қажет болса, шеберлер қажетімізді өтеп, бізге жаңа аспаптар жасап береді. Әзірге гастрольдік сапарларымыз да тоқсаусыз жүріп жатыр. Биыл оркестр ұжымы үшін ғана емес, күллі қазақ елі үшін маңызды жыл. Өйткені осы жылы әкемнің 100 жылдығы. Ең бір қуаныштысы да сол, иісі қазақ қана емес, әлем елдері әкемнің қайталанбас тұлға екенін мойындап келеді. Сондай-ақ әкемнің 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер тізбесіне енсе, ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы 2025 жылды Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы деп жариялады, – деп ойын түйіндеді дирижер.
Сұхбатты мына сілтемеден толық оқи аласыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.