Қарағандыда жаңа туған сәбилерге домбыра сыйлады

Қарағандыда жаңа туған сәбилерге домбыра сыйлады
Ұлттық домбыра күніне орай Қарағандыда дүниеге келген сәбилерге қазақ мәдениетінің қастерлі символы – домбыра тарту етілді.

Бұл игі дәстүр биыл Астана күнімен тұспа-тұс келіп, ерекше мәнге ие болды.

ҚХА мүшелері перзентханаларды аралап, аналар мен нәрестелерді құттықтап, ұлттық құндылықтар мен ұрпақ сабақтастығын насихаттады. Сыйға тартылған домбыралар – рухани байланыс пен мәдени мұраның нышаны.

Мереке аясында облыста көрмелер, концерттер, флешмобтар мен танымдық шаралар өтіп жатыр. Айта кетейік, Домбыра күні 2018 жылдан бері шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.