Дәрігерлер суық суға жуыну денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін екенін түсіндірді.
Дәрігер: Суық душқа түсу адам денсаулығына қауіпті
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
2,001
оқылды

Дәрігерлер суық суға жуыну денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін екенін түсіндірді, – деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.

Терапевт-дәрігер Татьяна Романенконың айтуынша, суық душ тұмау, бронхит сияқты ауруларға, тіпті инфаркт немесе инсультке әкелуі мүмкін.

"Кез келген суық су – бұл ағзаның тоңазуына әкелетін қауіп. Мұрынның бітелуі, бронхит немесе жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының басқа да қабынулары болуы мүмкін", – деп ескертті маман.

Сондай-ақ суық су тамырлардың түйілуін тудырып, денсаулыққа әлдеқайда ауыр зардаптар әкелуі ықтимал.

"Тамырлардың түйілуі – бұл қысымның көтерілу қаупі, жүрек-қан тамырлары жүйесіне байланысты күрделі жағдайлар. Соңы инсульт немесе инфарктпен аяқталуы мүмкін", – деді Татьяна Романенко.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.