Шерниязовтың бостандыққа шығуы туралы видео Instagram желісінде жарияланды.
Блогер Мейірхан Шерниязов түрмеден шықты
838
оқылды

Қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылған блогер, әртіс, вайнер Мейірхан Шерниязов екі жылға жуық уақытын колонияда өткізіп, енді еркіндікке шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әлеуметтік желіде ол түрмеден шыққан сәтін, отбасымен қауышқан видеосын жариялады. Бейнежазбада белгісіз бір ер адам:

– Он жыл уақытың кетті-ау, өкінбейсің бе, бауырым? – деп сұрайды.

“Жоқ. Бір нәрседен айырылдым, бір нәрсе таптым. Бұл өмірде бастысы – өзіңді жоғалтпау”, – деп жауап береді екінші дауыс.

Еске салсақ, вайнер 2022 жылы қамауға алынған еді. 2023 жылы оған және досы Мейіржан Төребаевқа қатысты сот үкімі шығып, екеуі де бес жылға бас бостандығынан айырылған еді. Бірақ олар жаза мерзімін қауіпсіздігі төмен колонияда өтеді деп белгіленді.

Шерниязовтың бостандыққа шығуы туралы видео Instagram желісінде жарияланды.