Белгілі әнші, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Маржан Арапбаева жол апатына ұшырағанын айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әншінің жазуына қарағанда, оқиға түнде Астанаға бара жатқан жолда болған.
Бір Алланың сақтағаны шығар. Қиын болса да Астанаға жеттік. Трассада жол апатына түсіп, Құдайдың қалауымен дін-аман үйге жеттік. Бұл бәлкім бір сынақ немесе «сақ бол» деген белгі шығар. Өмірдің құнын тереңірек сезіндік. Аман қалғанымыз – бір Тәңіріміздің қорғаны. Сансыз шүкір!, – деп жазды ол.