Елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарының аяққа тапталмай ел қатарлы болуына қамтамасыз ету әрі әлеуметтік тұрғыдан қолдау мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі десек қателеспейміз.
Ерекше жандарға – ерекше қолдау: Ақмолада ауқымды бейімдеу жұмыстары жүріп жатыр
2,377
оқылды

Бұл бағыттағы стратегиялық жұмыс­тармен қатар арнайы әлеуметтік жобалар да кезең-кезеңімен жү­зеге асырылып келеді. Мәселен, «AMANAT» партиясының сай­лауалды бағдарламаларының Жол карталарында арнайы жобаларының бірі де дәл осы мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету, олардың қоғам өміріне белсене араласып өз орнын табуына, сондай-ақ жайлы өмір сүруіне мүмкіндіктер туғызу болып отыр. 

Елорданың іргесіндегі Ақмола облы­сында да «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламалары бойынша Жол картасы шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу бойынша ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Партияның Ақмола облыстық филиалының мәлі­метінше, бұл шаралар инклюзивті орта қалыптастырып, әрбір азамат үшін тең мүмкіндік жасауға бағытталған.

Жалпы, Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың соңына дейін республика көлемінде 22 777 әлеуметтік нысан то­лықтай бейім­делген. Бұл нысандардың қатарында денсаулық сақтау, білім бе­ру, мәдениет және спорт мекемелерінің бар екенін атап өткен жөн. Мүмкіндігі шек­теулі жандардың қоғам өміріне бейімделуі­не арналған бұл нысандардың маңызды­лығы да аса жоғары. 

Ақмола облысында да аталған бағыт барынша қарқын алған. Партия филиалы­ның дерегінше өңірде бүгінде дәл осы бағытта мақсатты жұмыстар қолға алынған. Ресми деректерге көз жүгіртсек, жалпы саны 1 037 нысан толықтай бейімдеуден өткізіліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасалған.

Сондай-ақ «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Көкшетау қаласындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды қосымша бейімдеу бойынша партиялық бақылау да жүзеге асырылыпты. 

Қалада барлығы 1 720 әлеуметтік нысан тіркелсе, соның ішінде 1 026 нысан, яғни 59,6 пайыз мүмкіндігі шектеулі жанға бейімделген. Биыл «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде Көкшетауда 192 нысанды бейімдеу жоспарланған. Олардың ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мем­лекеттік басқару, мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау мекемелері бар. Қазір солардың 32-сі толық бейімделіп үлгер­ді, – дейді «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы атқарушы хатшысы­ның орынбасары Ақманат Әлімбетова.

Расында да, мемлекет пен қоғамның күш-жігерінің нәтижесінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолайлы әрі қолжетімді орта қалыптасып келеді. Бұл – елдегі әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің, сондай-ақ әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік берудің нақты көрінісі екені анық.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы