28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні
Журналист – бұқара мен биліктің арасын жалғайтын алтын көпір.

Бүгін – күн сайын талмай ақпарат таратып, маңызды мәселелер көтеріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын және қоғамның дамуына зор үлес қосып жүрген жандардың еңбегін ерекше атап өтетін күн, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда жалпы баспа басылымдары, телеарналар, радио және интернет-ресурстарды қосқанда 5 855 БАҚ тіркелген. 

“Сіздердің жемісті жұмыстарыңыз еліміздің ақпараттық кеңістігін нығайтуға және ашық әрі әділ қоғам құруға ықпал етеді. Журналист – бұқара мен биліктің арасын жалғайтын алтын көпір. Осы орайда ел мүддесі үшін қажырлы қызмет атқарып жүрген барша БАҚ өкілдеріне ерекше алғыс білдіреміз», – делінген хабарламада.

Қазақстанда 2019 жылдан бастап Үкімет қаулысымен 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күні болып бекітілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM    арнасынан табасыз.