Баспалдақ маршымен 30 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды.
Құтқарушылар жанып жатқан үйден 30 адамды эвакуациялады
584
оқылды

27 маусым күні таңертең Петропавл қаласы Шәжімбаев көшесіндегі тұрғын үйдің 9-қабатында орналасқан пәтерлердің бірінде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқиға орнына дереу ТЖД күштері келді. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында өрт қысқа мерзім ішінде сөндірілді.

Баспалдақ маршымен 30 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды. Жеке құрамды уақытылы эвакуациялау мен кәсібилігінің арқасында зардап шеккендер жоқ.