ЕАЭО-ға мүше елдер басшылары экономикалық интеграцияны дамыту перспективасын талқылады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттер басшылары Тәуелсіздік сарайында шағын құрамда бас қосып, экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту перспективасын талқылады.

Жиынға Беларусь президенті Александр Лукашенко, Армения премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин қатысты.