25 маусымда екі өңірде аптап ыстық болады: синоптиктер ескерту жасады

25 маусымда екі өңірде аптап ыстық болады: синоптиктер ескерту жасады
Синоптиктердің болжамы бойынша, ел аумағында жаңбырмен қатар аптап ыстық болады.

Синоптиктер 25 маусымда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, ел аумағында жаңбырмен қатар аптап ыстық болады.

Алматы және Жетісу облыстарында – +35…+39°С дейін;

Жамбыл облысында – +38°С дейін;

Түркістан облысының батысы мен шөлді аймақтарында – +41°С дейін.

Алматы облысының солтүстігі, батысы, орталығында және Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз +42°С дейін өте қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

Республиканың басым бөлігінде циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік-батыс, шығыс пен орталықта нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. 

Ел аумағында жел күшейеді. Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.