Куәгерлердің айтуынша, пойыз шойын жолда жарты сағатқа кептеліп, жедел жәрдем қызметкерлері мәйіттерді алып кеткен соң қозғалысын әрі қарай жалғастырды.
Алматы маңында екі адамды пойыз басып кетті
Фото: istockphoto
1,180
оқылды

Алматы облысында теміржолға шығып кеткен екі адамды пойыз қағып, мерт қылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Almaty.tv мәліметінше, жазатайым жайт Ақсеңгір-Боралдай аралығының Отар-Алматы-1 учаскесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, әйел адам мен ер кісі теміржол торабын өтпек болған көрінеді. «Қазақстан темір жолы» өкілдерінің сөзінше, жолаушы тасымалдайтын пойызды тізгіндеген машинист тежегішті бірден басқан, алайда арақашықтық қысқа болғандықтан екі азаматты да қағып өткен. Марқұм болғандар локомотив белгілеріне назар аудармаған көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, пойыз шойын жолда жарты сағатқа кептеліп, жедел жәрдем қызметкерлері мәйіттерді алып кеткен соң қозғалысын әрі қарай жалғастырды.

«Қашықтықтың қысқалығына байланысты басудың алдын алу мүмкін болмады. Оқиға туралы Алматы-1 стансасының Жол полиция басқармасына хабарланды. Оқиға орнында құзыретті қызметтер жұмыс істеп жатыр. Тергеу жүргізілуде», – деді  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы филиалының атқарушы директоры Серік  Айқынбеков.