Синоптиктер 24 маусымда еліміздің кейбір өңірлерінде +40°C-ге дейін аптап ыстық болатын айтып, ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, сейсенбіде түстен кейін бес өңірде аптап ыстық болады деп болжанып отыр
• +40°C-ге дейін - Жамбыл облысында, Түркістан облысының батысында, шөлейтті аудандарында,
• +35 + 38°C дейін - Алматы облысында, Жетісу облысында, Абай облысының оңтүстігінде.
Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде циклонның және соған байланысты пайда болған атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында, шығысында нөсер жаңбыр жауады, батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ түседі. Республикамыз бойынша тіркелетін ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Еліміздің солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.