Бұл туралы Дональд Трамп Ақ үйден мәлімдеді.
АҚШ Иранның ядролық нысандарын бомбалады
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
511
оқылды

Бірер сағат бұрын АҚШ әуе күштері Ирандағы бірнеше ядролық нысанға жойқын соққы жасағанын растады.

Президент Трамп бұл шабуылды «стратегиялық және алдын ала ескертілген қадам» деп сипаттады.

«Біздің мақсатымыз – Иранның ядролық байыту мүмкіндігін жойып, ядролық қауіптің алдын алу болды. Бүгін түнде әуе соққылары – әскери тұрғыда керемет жетістікке жетті. Иранның басты ядролық байыту нысандары толығымен жойылды. Иран енді бейбітшілікке келуі керек. Егер олай болмаса, келесі соққылар бұдан да жойқын болады», – деді АҚШ президенті Дональд Трамп.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.