«Киберхабарлар» сайтының мәліметінше, бұл тарихтағы ең ауқымды «шабуыл» саналады.
Әлемде  16 миллиард пайдаланушының деректері бұзылған
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
519
оқылды

Apple, Facebook, Google, Telegram және кейбір мемлекеттік қызметтердегі аккаунттарға кіруге мүмкіндік беретін шамамен 16 миллиард пайдаланушы деректері бұзылды. Бұл тарихтағы ең ауқымды «деректердің таралып кету» оқиғасы ретінде тіркелді.  

Сайттың жыл басынан бері жүргізген зерттеулері бойынша, әрқайсысында он миллиондаған, тіпті кейбірінде 3,5 миллиардтан астам дерек қамтылған 30 ірі дерекқор Infostealer деп аталатын ақпарат ұрлауға арналған бағдарламалар арқылы бұзылған.

Зерттеу нәтижесінде 30 дерекқорда жалпы саны 16 миллиардтан астам дерек сақталғаны белгілі болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.