Ұлттық статистика бюросы тұрмыс деңгейі бойынша 12 мың үй шаруашылығы арасында жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижесінде І тоқсандағы азық-түлік тұтыну көрсеткіші бойынша жиналған деректерді мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда азық-түлік тауарларының барлық негізгі топтары бойынша тұтынудың өсуі байқалады. Тұтынудың ең жоғары өсімі жемістер (+3,5%), балық және теңіз өнімдері (+2,2%) бойынша байқалды.
Азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша халықтың жан басына шаққандағы орта есеппен бір айда тұтынуы: картоп – 3,7 келі, 1-сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 2,3 келі, сиыр еті – 2 келі, алма – 1,6 келі, құмшекер – 1,5 келі, күріш – 1,3 келі, шикі сүт – 0,9 л, жұмыртқа – 17,1 дана, макарон өнімдері – 0,9 келі, енді ауланған немесе салқындатылған балық 0,6 келіні құрады.
Өңірлер арасында нан өнімдері мен жармаларды тұтыну көрсеткіші Түркістан облысында ең жоғары (жан басына шаққанда айына 14,1 келі), ең аз тұтыну Маңғыстау облысында (жан басына шаққанда айына 7,9 келі). Балық пен теңіз өнімдері Шығыс Қазақстан тұрғындарының рационында көбірек (жан басына айына 1,7 келі), ең азы шымкенттіктерде – 0,5 келі. Көкөністерді тұтыну көрсеткіші Түркістан облысында жоғары (жан басына айына 7,3 келі), ең азы Абай облысында (жан басына айына 4,5 келі).
Орташа жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтыну – қарастырылып отырған уақыт ішінде үй шаруашылығының бір мүшесінің орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (әрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны. Ол азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін тұтынудың көлемін үй шаруашылығының бар мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі. Ірілендірілген топтар бойынша тұтыну құрамдастарды бастапқы өнімге қайта есептеу есебімен анықталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.