Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 20 маусымда Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Ұлытау облысының батысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі бар.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз облыстың батысында бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с.
Алматы облысының онтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ жуады, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, онтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с болады.
Алматыда күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жауады. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде дауыл тұрып, күндіз бұршақ жауадыі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада кей уақыттарда найзағай ойнап, күндіз дауыл тұрады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Жоғары өрт қаупі бар.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 20 маусымда найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.