Астанада 942 гектар жерге жаңа саябақ салынады

Астанада 942 гектар жерге жаңа саябақ салынады
Биыл ең әуелі Байтұрсынұлы, Нұрмағамбетов, Нәжімеденов көшелері мен Тәуелсіздік даңғылы маңындағы тұрғын үй кешендерін қамтитын желілік саябақты абаттандыру жұмыстары басталады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Мыңжылдық» аллеясының ландшафтты даму жоспары көрсетілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жоспар қаланың оңтүстік бөлігіндегі 942 гектарды қамтиды. Сарайшық ауданындағы желілік саябақ тұрғын үйлер кешені мен әлеуметтік нысандар, мектептер, теміржол вокзалы, скверлер, көшелер мен жаяу жүргіншілер және велосипед жолдарының арасын жалғайды.

AMP

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек вокзал маңындағы саябақ ауданның беткеұстар мүйісіне айналатынын айтты. Мұнда ойын алаңдары, амфитеатр және аллеялар салу жоспарланған.

AMP

Былтыр «Қазақ елі» алаңында ағаштар егіліп, дизайнерлік қақпақтар орнатылды, шамдар мен басқа да сәулеттік қалыптар жаңартылды. 

Биыл ең әуелі Байтұрсынұлы, Нұрмағамбетов, Нәжімеденов көшелері мен Тәуелсіздік даңғылы маңындағы тұрғын үй кешендерін қамтитын желілік саябақты абаттандыру жұмыстары басталады.

Әкімнің айтуынша, қала дамуында Тұран даңғылының батыс жағындағы GreenLine бульвары ерекше маңызға ие. Шаһардың халық тығыз орналасқан ауданымен жалғайтын бульварда веложолдар, балалар мен спорт алаңқайлары, тынығатын демалыс аумақтары болады. 

Аталған жобалар қаланы дамытудың көпорталықты моделіне сәйкес жүзеге асырылады. Яғни, тұрғын үй, жұмыс, қызмет көрсету мен рекреация орындары қолжетімді әрі бір-біріне жақын болуға тиіс.