Ақтөбе облысындағы Жарлы ауылында 9 жастағы қыз қоқысқа толы ескі құдыққа құлап кетті. Оны құтқармақ болған ер адам да құдыққа түсіп, кейін қайта шыға алмай қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Оқиға 17 маусымда болған. 9 жастағы қыз шамамен 10 метр тереңдіктегі құдыққа құлап кеткен. Құдық жеке үйдің ауласында орналасқан, ескі және қоқысқа толы болғаны хабарланды.
Баланы құтқармақ болып бір ер адам құдыққа түскен. Алайда қайта шыға алмаған.
"Құтқарушылардың көмегімен бала мен ересек адам құдықтан ес-түссіз күйде шығарылды. Аудандық төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жедел алғашқы медициналық көмек көрсетті. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, екеуі де қайтыс болды", – деп хабарлады Ақтөбе облысы ТЖД.
Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.