Қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және сотқа жолдау үшін Бас прокуратураға берілді.
Перизат Қайрат пен анасына қатысты қылмыстық іс прокуратураға жіберілді
539
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2025 жылдың 19 наурызында тараптар 109 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен танысуға кіріскен болатын.

Бұған дейін хабарланғандай, залал сомасы 3,5 млрд теңгені құрады.

Ұрланған қаражатқа сатып алынған 865 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды.

Қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және сотқа жолдау үшін Бас прокуратураға берілді.