Синоптиктер елдегі қолайсыз метеожағдайларға байланысты болжам жасады.
Бүгін аптап ыстық, күн көзінде ұзақ болу қауіпті
Фото: gov.kz
339
оқылды

«Қазгидромет» 2025 жылғы 17–20 маусымға арналған дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ел аумағының басым бөлігінде қатты жылу ыстық, осыған байланысты төтенше өрт қаупі сақталады, – дейді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Найзағай, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ және желдің 15-25 м/с дейін күшеюі түріндегі қолайсыз метеожағдайлар елдің солтүстік және батыс аймақтарында болуы ықтимал.

ТЖМ ұсыныстары: күн көзінде ұзақ болудан аулақ болыңыз; ауа райы болжамын қадағалаңыз; табиғатта өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.