46 градус ыстық болады: 18 маусымдағы ауа райы болжамы

46 градус ыстық болады: 18 маусымдағы ауа райы болжамы
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18 маусымда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қарағанды облысының шығысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында дауыл тұрады, бұршақ жауады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 28 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батысқа жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Маңғыстау облысының шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 25 м/с. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық болады, облыстың оңтүстігінде 46 градус өте қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36 градус ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40-44 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте күндіз 40-41 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысыңың шығысында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды. 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Астанада күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Күндіз 36 градус қатты ыстық болады.

Ақтөбе облысының шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Күндіз облыс бойынша 41 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.