Енді самокатты дұрыс қоймағандарға айыппұл салынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.
Алматыда самокатты арнайы тұраққа қоймағандар 100 теңге көлемінде ең төменгі айыппұл төлейді. Сондай-ақ екі адамнан мінгесу, мас күйде тізгіндеу де ереже бұзуға жатады. Электрлі самокатты мас күйінде жүргізгені үшін ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша жауапқа тартылады. Ал егер ережені қайталап бұзған жағдайда айыппұл 1000 теңгеге өсіп, 10 мың теңгеге дейін жетеді.
Бұл талаптар Астана мен Шымкент қаласына да енгізілмек.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.