Қазақстандықтар маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуде «AMANAT» партиясына сенім артады. Өткен аптада еліміздің барлық өңіріндегі «AMANAT» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде шамамен 300-ге жуық қабылдау өткізіліп, 1000-нан астам азамат жеке қабылдауда болып, 1 500-ден астам өтініш тіркелді. Өтініштер медицина, әлеуметтік саясат, өңірлерді дамыту және азаматтардың құқықтарын қорғау тақырыптарын қамтыды
Қоғамдық қабылдау – елмен етене
341
оқылды

Мәселен, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракция­сы­ның мүшесі Самат Мұсабаевқа ас­таналық тұрғын жүгінді. Әйелге бүй­рек ауруы диагнозы қойылған. Ол трансплантацияны ұзақ күту өмі­ріне қауіп төндіріп тұрғанын ай­тып, көмек сұрады. Депутат күту ті­зі­мінің қалай қалыптасатынын тү­сіндіріп, медициналық көр­сет­кіш­тер бойынша кезекті жылжыту мү­мкіндігін қарастыру үшін Рес­пуб­­ликалық трансплантацияны үй­лестіру орталығына жүгінуді ұсын­ды. Сонымен қатар ол Денсау­лық сақтау министрлігіне жүгінуде партиялық қолдауды қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ депутаттың қабыл­дауында Түркістан облысының тұр­ғыны аудандық әкімдік (Же­ті­сай ауданы) өткізген тендер ба­ры­сын­да ереже бұзылғанын мәлімдеді. Оған тендер қорытындысына ша­ғым­дану тәртібі, сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы органдарға арыз беру жол­дары мен сотқа жүгіну мүмкін­дік­тері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Бұдан бөлек, Маңғыстау облы­сын­дағы медицина саласының жүйе­лі мәселелері де көтерілді – атап айтқанда, мамандар мен құ­рал-жабдықтардың тапшылығы сөз болды. Кездесу қорытындысы бойын­ша, нақты проблемалар тізі­мі қамтылған ұжымдық өтініш әзір­леу ұсынылды. Бұл құжат депу­тат­тық сауал дайындау және оны Ден­саулық сақтау министрлігі мен жер­­гілікті атқарушы органдарға жет­­кізу үшін пайдаланылатын бо­ла­ды.

Сондай-ақ азаматтарды қабыл­дау­ды «AMANAT» партиясының Хат­шысы Эльдар Жұмағазиев те өткізді. Қабылдау барысында ауыл шаруашылығын дамыту, отандық өн­дірісті қолдау және шағын биз­нес­ті өркендету секілді мәселелер қоз­ғалды. Мәселен, елордалық аза­мат бюджет қаражаты есебінен жү­зеге асатын жобаларда қазақ­стан­дық тауарларды пайдалану ба­сымдыққа ие болуға тиіс деген ұсыныс білдірді. Оның айтуынша, бұл ішкі нарықты нығайтып, жаңа жұ­мыс орындарын ашуға және эко­номиканың дамуына серпін бер­мек.

Ал Абай облысының зейнеткері ауыл шаруашылығы саласында биз­нес ашу үшін несие алу жолын сұрап келді. Ол бұл қаражатты жеке пай­да үшін емес, немерелерінің бо­­лашағы үшін сенімді негіз қа­лып­тастыру мақсатында пай­да­лан­ғысы келетінін айтты. Эльдар Жұ­­­­­­ма­ғазиев оның белсенді аза­мат­тық ұстанымына алғысын білдіріп, «Ауыл аманаты» бағдарламасының шарт­тарын түсіндіріп, өңірлік жо­ба­лық кеңсеге жүгінуге кеңес берді. Сон­дай-ақ жергілікті партия фи­лиа­лынан өтініш әзірлеу және тап­сыру бойынша көмек сұрауға бо­латынын жеткізді.

Басқа өтініштердің қатарында 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін зей­нетке шыққан күштік құрылымдар қыз­меткерлеріне базалық зейне­та­қы төлемдерін қайтару мәселесі де болды. Алматы қаласының тұр­ғы­ны бұл санаттағы азаматтардың әлеу­меттік әділеттілік қағидаты бойын­ша өз құқықтарын қорғап жат­қандарын жеткізді. Оған қол­даныстағы нормалар түсіндіріліп, де­пу­таттардың қатысуымен уәкі­лет­ті органдарға ұжымдық өтініш жол­дау үшін бастамашыл топ құру ұсы­нылды.