Балмұздақ өзінің бастапқы пішінін сақтауы керек, деформация сақтау режимінің бұзылғанын көрсетеді.
Балмұздақты қалай дұрыс таңдау керек?
Фото: istockphoto
589
оқылды

Балмұздақ күн ысығанда ересек адамның да, балалардың да сүйіп тұтынатын дәмінің бірі екені белгілі. Кез келген дүкенде алуан түрі самсап тұратын балмұздақтың қалағанын сатып алуыңызға болады. Дегенмен денені салқындатып, бойды сергітер бұл тәтті тағам дәмді ғана емес, сапалы болуы үшін неге назар аударған дұрыс? ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балмұздақты қалай дұрыс таңдау керек екені жөнінде бірқатар кеңес береді,  деп хабарлайды Aikyn.kz Аlmaty.tv-ге сілтеме жасап.

Балмұздақ таңдағанда неге назар аударған жөн?

Жапсырма. Өнімнің атауын тексеріңіз. Өсімдік майы қосылған балмұздақты өндіруші «өсімдік-кілегейлі балмұздақ» немесе «өсімдік майымен балмұздақ» деп белгілеуі керек.

Салмақ. Порцияның салмағы граммен көрсетілуі керек, өйткені миллилитрдегі көлем туралы ақпарат балмұздақтың нақты массасын көрсетпейді.

Сыртқы түрі. Сапалы балмұздақ біркелкі боялған болуы керек. «Ақ реңктер» майдың пайызына байланысты: ол неғұрлым жоғары болса, түс соғұрлым «сары» болады.

Балмұздақ өзінің бастапқы пішінін сақтауы керек, деформация сақтау режимінің бұзылғанын көрсетеді.

Әрқашан жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз, егер таңбалау жойылса немесе былғанған болса, сатып алудан бас тартқан дұрыс.