Оралда полицейлер жол ережесін бұзған «Marvel кейіпкерлерін» тоқтатты. Marvel кейіпкерлерінің костюмін киген азаматтар кортежбен жүріп, жол ережесін бұзған. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Кеше кешке Орал қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірнеше көліктен тұратын ерекше автокортежді тоқтатты. Көлік жүргізушілері мен жолаушылары Marvel киносы кейіпкерлерінің костюмін киіп алып, жол ережесін бұзған.
Нәтижесінде, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі бойынша – 11 хаттама (қауіпсіздік белдігін тақпау), 590-баптың 5-бөлігі бойынша – 3 хаттама (мемлекеттік нөмір белгілеріне қойылатын талаптарды бұзу), - 593-баптың 3-бөлігі бойынша – 1 хаттама (алдыңғы орындықта қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыны тасымалдау), 595-баптың 1-бөлігі бойынша – 1 хаттама (жол қиылыстарынан өту тәртібін бұзу), 590-баптың 2-бөлігі бойынша – 1 хаттама (пайдалануға тыйым салынған техникалық ақауы бар көлік құралын басқару) толтырды.
Полиция барлық жүргізушілер мен азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Көңілді шеру болса да, жол да тәртібін сақтау қажет.