Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Астанаға келді
698
оқылды

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Астанаға ресми сапармен келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды.

Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті.