13 маусымда Израиль Иранның баллистикалық зымыранын атып түсірді. Бұл операцияны Израильдің Arrow-3 атты зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі іске асырды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Әзербайжанның әскери сарапшысы Агил Рустамзаде өз телеграм каналында жазғанындай, зымыранды қағып түсіру Жер атмосферасынан тыс, шамамен 100 шақырым биіктікте жүзеге асты.
Arrow-3 зымыранында жарылғыш зат болмаған – ол ирандық зымыранды өте жоғары жылдамдықпен соғып, соққы күшімен жойды. Мұндай тәсіл кинетикалық соққы деп аталады.
- Соқтығыстан кейін аспанда ирандық зымыран мен оны атып түсірген зымыранның сынықтарынан құралған қоқыс бұлты пайда болды. Суретте сол бөлшектер көрініп тұр, - деп жазды Агил Рустамзаде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз