Синоптиктердің болжамынша, күн күрт ысиды.
Бүгін ірі мегаполистерде  ауа температурасы 38 градусқа дейін ыстық болады
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
538
оқылды

Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы – 31 градус, түнде 18 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 3,7 м/с болмақ.

Синоптиктердің болжамынша, Астанада да күн бұлтты. Күндіз ауа температурасы 26 градусқа дейін көтеріліп, түнде 17 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 5,8 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағаны 38 градусқа дейін көтеріліп, түнде термометр бағаны 21 градусқа түседі. Желдің жылдамдығы 9,2 м/с деңгейінде болмақ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.