Қазақстан құрамасы – волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионы

Қазақстан құрамасы – волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионы
Азия чемпионаты 6–15 маусым аралығында өтті.

Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан өткен Азия чемпионатының финалында Қазақстан ұлттық құрамасы Қытай командасын 3:2 есебімен (22:25, 19:25, 25:19, 25:20, 8:5) жеңіп, өз тарихында алғаш рет Азия чемпионы атанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Туризм жəне спорт министрлігінің мәліметінше, жарыс барысында Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде Сауд Арабиясы, Жапония және Аустралия командаларын, ал жартылай финалда Таиланд құрамасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды Қазақстан, екінші орынды Қытай, үшінші орынды Таиланд құрамасы иеленді.
AMP
Сондай-ақ чемпионат барысында жоғары шеберлік көрсеткен ұлттық құраманың бірнеше ойыншысы жеке марапаттарға ие болды. Эрик Каскабаев – үздік доп беруші, Шыңғыс Медеуов – үздік либеро, ал Алмат Оспанов – үздік блок қоюшы атанды.

Аталған нәтиже бойынша Қазақстан және Қытай құрамалары 2026 жылы Қытайда өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.
AMP
Айта кетейік, волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты 6–15 маусым аралығында өтті. Жарысқа 8 ерлер және 7 әйелдер ұлттық командасы қатысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз