Будапештте (Венгрия) дзюдодан әлем чемпионатының екінші күні басталды.
Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан Будапешттегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: ҰОК
514
оқылды

14 маусымда Қазақстан атынан тек Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) татамиге шығады.

Дзюдошы алғашқы белдесуін өткізіп үлгерді. Ол қытайлық Сюэ Цзыянды жеңді.

Келесі айналымда Қырғызбаев түркиялық Мухаммед Демирель мен израильдік Гай Гутман арасындағы белдесудің жеңімпазымен кездеседі.

Аталған сайыста қыздар арасында 48 келі салмақта Әбиба Әбужақынова күміс медальды иеленді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.