Сот Жамбыл облысында жасөспірім қызды жылдар бойы зорлап келген ағайындыларға жаза тағайындады.
Жамбыл облысында қарындасын алты жыл бойы зорлап келген ағайындылар сотталды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
739
оқылды

13 жасар қызды өз әкесінің 35 және 37 жастағы інілері алты жыл бойы зорлап келген. Қыздың өзге туыстары бұдан бейхабар болған. Мектепке барып жүрген 13 жасар жасөспірім жүкті болып, ана атанғанға дейін оған ешкім мән бермеген көрінеді. Бұл туралы "КТК" арнасы хабарлады. 

Жантүршігерлік жағдай белгілі болғанда ағайындардың бірі қашып кетіп, кейін ұсталған болатын. Азғындыққа барған екі ағайынды қатаң режимдегі колонияға жіберілді.

Ағайындылардың бірі өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сот өзінің 13 жасар немере қарындасына зорлық көрсеткен екінші сотталушыға 20 жыл жаза кесті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.