Таяу Шығыстағы ахуал жаһандық мұнай нарығына әсер етіп отыр.
Әлемде мұнай қымбаттады
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
313
оқылды

Әлемде "Брент" маркалы қара алтынның құны 13 пайызға қымбаттап, барреліне 79 долларға дейін жетті. Бағаның қымбаттауына Израильдің Иранның ядролық нысандарына және мұнай өңдеу кәсіпорнына соққы жасауы себеп.

Таяу Шығыс мұнайдың ірі өндірушісі саналады. Сарапшылар "Израильдің Иранға шабуылы мұнай тапшылығына әкелуі мүмкін" деп қауіптеніп отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.