Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағына циклондардың жылжуы тоқтамай отыр.
Демалыс күнгі ауа райы қандай болады?
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
602
оқылды

Алдағы күндері солтүстік-батыс бағытынан жаңа циклон жылжи бастайды, соның әсерінен еліміздің кей өңірінде найзағай ойнап, күн жауын-шашынды болады.

15-16 маусымда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының жекелеген аудандарында нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ ауа температурасы төмендейді.

Ал елдің оңтүстік жартысы Иран аумағынан келіп жатқан жылы ауа массаларының ықпалында қалып, жоғары ауа температурасы сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.