Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы мүгедектігі бар адамдарды инклюзиялау жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті, – деп хабарлайды Aiqyn.kz сайты.
Baquatty audan  атты пилоттық жобаның ауылға тиер шарапаты мол
375
оқылды

 Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы мүгедектігі бар адамдарды инклюзиялау жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті, – деп хабарлайды Aiqyn.kz сайты.

 Күн тәртібіндегі мәселе  Esen Foundation  қорының  Baquatty audan  атты пилоттық жобасы жұмыс барысы кеңінен талқыланды. Нақты  айтсақ, жобаның мақсаты – ауылдық аймақтарды кешенді дамытуға, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтауды жаңартып, тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтар үшін тең мүмкіндік беретін инклюзивті ортаны қолайлы ету.

Жиынды кеңес басшысының орынбасары, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Әбдиев  жүргізді.

Ал оған «AMANAT» партиясы жанындағы мүгедектігі бар адамдарды инклюзиялау жөніндегі республикалық кеңестің мүшелері мен орталық және жергілікті мемлекеттік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ерлан Әбдиевтің айтуынша, Қазақстанда аудандарды дамыту және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бастамасының қолға алынғанына бір-ақ жыл болған.

– Baquatty audan жобасының пилоттық алаңы ретінде Ақмола облысының Целиноград ауданы алынды. Мұнда әлеуметтік саланың үш бағыты қарастырылған. Олар: денсаулық сақтау, білім беру және инклюзия бойынша сапалы қызметтер мен қоғамдық игіліктерге қолжетімділікті арттыру.  Пилоттық жоба «AMANAT»  партиясының, ESEN Foundation мен AÑSA қайырымдылық қорларының және Baquatty aimaq Qory қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Биылғы мамыр айында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған Ақмол ауылының мектеп-гимназиясында Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов  Baquatty audan  пилоттық жобасын іске асыру бойынша жұмыс кеңесін өткізген болатын. Сонда барлық назар ауылдағы дами капиталының өсуін қамтамасыз ететін және тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық азаматтар үшін тең мүмкіндікте білім беруді, денсаулық сақтауды және инклюзивті ортаны дамыту салынғаны сөз етілді. Сонымен қатар Ерлан Қошанов бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт   Тоқаевтың сарабдал саясатын жүзеге асырғандығы деп айтты, – деді Ерлан Әбдиев.

Бүгінде 7,6 млн қазақстандық ауылды жерлерде тұрады. Ал олардың өмір сүру сапасы заманға сай болуы керегін ойдан шығармау  керек.