Қасым-Жомарт Тоқаев ExxonMobil корпорациясының ел экономикасын дамытуға қосқан үлесіне жоғары баға берді.
Тоқаев пен Даррен Вудс мұнай-газ саласына қатысты жобаларды талқылады
Фото: Ақорда
626
оқылды

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады, - деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде энергетика және мұнай-газ салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ExxonMobil корпорациясының ел экономикасын дамытуға қосқан үлесіне жоғары баға берді. Сонымен қатар аталған компанияны Қазақстанның энергетика секторындағы негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады.

Одан бөлек мұнай-газ саласындағы бірлескен қызмет аясында көмірсутегі өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асырудың маңызына тоқталып, еліміз корпорациямен ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге және өндірістің тиімділігін арттыруға мүдделі екенін айтты. 

Даррен Вудс өз кезегінде Теңіз, Қашаған және Каспий құбыр консорциумы жобаларын табысты жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасағаны үшін ризашылығын білдірді.