"Қазгидромет" РМК синоптиктері 13 маусымда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысының шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман болады.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, күндіз областың солтүстігінде, батысында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, бұршақ жауады. Найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай ойнайды. 13-15 маусымда облыс бойынша күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 13-15 маусымда облыс бойынша жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 13-15 маусымда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, ойнап, облыстың батысында бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында 38 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Абай облысында 37 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында 36 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар. Облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық болады. Облыстың шығысында, орталықта жоғары өрт қаупі бар.
Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, солтүстігінде бұршақ жауады. Түнде облыстың батысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.