Assystem Франция мен Ұлыбританияның ұлттық атом бағдарламаларын үйлестіруде жетекші орын алады.
Қазақстанда АЭС салуға халықаралық консорциум көшбасшысын  іріктеу әдістемесі француздық Assystem-нің қатысуымен әзірленді
1,492
оқылды

Ядролық инжиниринг саласындағы жетекші әлемдік тәуелсіз компаниялардың бірі Assystem Қазақстан Республикасының атом-энергетикалық бағдарламасын іске асыруда қолдау көрсету мақсатында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС (ҚАЭС) техникалық кеңесшісі рөліне ие болды, - деп хабарлайды Aiqyn.kz сайты.

Assystem АЭС жобасын іске асыру үшін инжиниринг, жобаны басқару және құрылыс жұмыстарын кешенді ұсынуда және қадағалауда ҚАЭС техникалық кеңесшісі қызметін атқаратын болады. Компания атом энергетикасын дамыта бастаған көптеген елдермен, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Түркиядағы жақында жүзеге асқан жобаларды қамтитынын ескерсек, Assystem халықаралық атом энергетикасы саласында теңдесі жоқ тәжірибе әкелетіні сөзсіз. Assystem - Франция мен Ұлыбританияның ұлттық атом бағдарламаларын үйлестіруде жетекші орын алады.

Қазақстанда атом энергетикасын дамыту - «Қазақстан-2050» стратегиясының бір бөлігі. Оның мақсаты электр энергиясының қазіргі уақытта шамамен 70 %-ын құрайтын көмір мен мұнайға тәуелділікті азайтып, балама көздерден электр энергиясын өндіру үлесін 50 %-ға дейін жеткізу. 2025 жылдың басынан бастап Assystem озық халықаралық тәжірибе негізінде үлес қосып, АЭХА ұсынымдарына (NP-T-1.10) сәйкес технологияларды таңдау үшін ҚАЭС әдіснамасын жетілдіруді қолдайды.

«Біз Қазақстанмен оның жаңа атом энергетикалық бағдарламасы аясында ынтымақтастық орнатқанына қуаныштымыз. Assystem командасы осындай маңызды бағдарламаға қатысуға қуанышты және оның АЭХА және ҚАЭС талаптарына сәйкес келетін қауіпсіз әрі тиімді жүзеге асырылуына ерекше назар аударады», - деді Assystem Group Бас директорының орынбасары Стефан Обарбье.  

Айта кетерлігі, Assystem – атом энергетикасы саласындағы әлемдегі жетекші тәуелсіз инжинирингтік компаниялардың бірі. Қауіпсіздік пен қорғанысқа қатаң талаптары бар жоғары реттелетін салада 55 жылдан астам тәжірибесі бар, күрделі инфрақұрылымдарды өмірлік циклының барлық кезеңдерінде пайдалану тиімділігін арттыру үшін инжиниринг, жобаларды басқару және цифрлық шешімдер ұсынумен айналысады.

Assystem компаниясының 12 елдегі 8 000 сарапшысы энергетикалық ауысымды іске асыруға атсалысуда. Бүгінде Assystem ядролық энергетика саласындағы әлемдегі үш ірі инжинирингтік компанияның қатарына кіреді.