Жақсы оқу – тек жақсы баға алу емес, ол – терең білім, сыни ойлау қабілеті және өмірде өз орныңды табудың негізі. Бүгінде сапалы білім алған адам ғана бәсекеге қабілетті, еркін, өз болашағын өзі қалыптастыра алатын тұлға болып қалыптаса алады. Сондықтан да мектепті бітірген түлектер мен олардың ата-аналары үшін ең маңызды қадам – дұрыс университет таңдау, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстанда сапалы білім беретін, түрлі бағыттар бойынша маман даярлайтын беделді жоғары оқу орындары жеткілікті. Әр университеттің оқу ақысы мен жатақханамен қамтамасыз етілуі – талапкерлер үшін маңызды факторлар. Осы орайда еліміздің жетекші жоғары оқу орындары туралы танымдық шолу ұсынамыз:
Назарбаев Университеті (NU)
- Оқу ақысы: Бакалавр – 7 миллион теңге, магистратура – 8 миллион теңгеден жоғары, докторантура – 11 миллион теңгеден жоғары. Көптеген студенттер грант негізінде оқиды.
- Оқу орны кампус ішіндегі заманауи, жайлы және қауіпсіз жатақханалармен қамтамасыз етілген.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ENU)
- Оқу ақысы: Бакалавр – 1,3-1,6 миллион теңге, магистратура – 1,5-1,8 миллион теңге, докторантура – 2,3 миллион теңге.
- Жатақханасы: 10 жатақханасы бар, бірақ орын саны шектеулі. Құжаттарды ертерек тапсыру маңызды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (KazNU)
- Оқу ақысы: Бакалавр – 1-1,6 миллион теңге, магистратура – 2 миллион теңге, докторантура – 3 миллион теңге.
- Жатақханасы: Әл-Фараби атындағы студенттер қалашығында 14 жатақхана жұмыс істейді.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
- Оқу ақысы: Бакалавр – 1 миллион теңге, магистратура – 1,2 миллион теңге, докторантура – 2,1 миллион теңге.
- Жатақханасы: 7 жатақхана жұмыс істейді.
Сүлеймен Демирел университеті (SDU)
- Оқу ақысы: Бакалавр – 1,1-2,4 миллион теңге, магистратура – 1-2 миллион теңге, докторантура – 2,1 миллион теңге.
- Жатақханасы: Университет кампусында орналасқан, жақсы жағдай жасалған.
KIMEP University (КИМЭП)
- Оқу ақысы: Бакалавр – 3,8-4,5 миллион теңге, магистратура – 2,6-3,3 миллион теңге, докторантура – 5,5-13,7 миллион теңге.
- Жатақханасы: Бар, бірақ орын саны шектеулі. Стипендиялар мен жеңілдіктер қарастырылған.
Almaty Management University (ALMAU)
- Оқу ақысы: Бакалавр – 1,6-2,8 миллион теңге, магистратура – 1,2-2,3 миллион теңге, докторантура – 2 миллион теңге жоғары.
- Жатақханасы: Кампус маңында орналасқан, жағдайы орташа.
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Университеті (MNU)
- Оқу ақысы: Бакалавр – 2,3 миллион теңге, магистратура – 2,3-4,5 миллион теңге, докторантура – 6,8 миллион теңге.
- Жатақханасы: Жаңартылған, жайлы жатақханалармен қамтамасыз етілген
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU)
- Оқу ақысы: Бакалавр – 1-5,5 миллион теңге, магистратура – 1,7 миллион теңге, докторантура – 2,2 миллион теңге.
- Жатақханасы: Бар, бірақ орын саны шектеулі.
Қазақ-Британ техникалық университеті (ҚБТУ)
- Оқу ақысы: Бакалавр – 2,2-2,5 миллион теңге, магистратура – 3,3 миллион теңге, докторантура – 1,5-2,4 миллион теңге.
- Жатақханасы: 5 корпустан тұратын жатақханалармен қамтылған.
Жоғары білім – жарқын болашақтың негізі. Қазақстандағы әр университет өзіндік ерекшелігімен танымал: бірі халықаралық серіктестіктерімен, бірі техникалық немесе гуманитарлық бағыттағы терең дайындығымен ерекшеленеді. Талапкер үшін ең бастысы – өз қызығушылығы мен болашақ кәсібіне сай дұрыс таңдау жасау.
Сапалы білім алу – дұрыс бағыт таңдаудан басталады. Бұл – табысты өмірге деген алғашқы қадам.
Гүлшекер Сүлейменова,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3-курс студенті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.