Жиын барысында әскери борышты өтеуге жайлы жағдай жасаумен қатар әскери қызметшілердің кәсіби құзіретін жетілдіруге, оларға қойылатын талаптарды арттыруға мән беру қажет екені айтылды.
Тоқаев: Сарбаздың өмірі мен денсаулығын сақтауға командирлер жауапты
Фото: Ақорда
344
оқылды

Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет басшысы Қарулы Күштер жоғары қолбасшылығының алдында тұрған басым міндеттерді атады.

Ведомство жетекшілігіне басқару және әскери органдар құрылымын жетілдіру, әскери қызмет институтының резервін қалыптастыру, Арнайы операциялар мен аумақтық қорғаныс күштерін дамыту шараларын жүзеге асыру жүктелді. Сондай-ақ Қарулы Күштерді цифрландыру және оның жұмысында жасанды интеллектіні пайдалану тапсырылды.

Жиын барысында әскери борышты өтеуге жайлы жағдай жасаумен қатар әскери қызметшілердің кәсіби құзіретін жетілдіруге, оларға қойылатын талаптарды арттыруға мән беру қажет екені айтылды.

Президент сарбаздың өмірі мен денсаулығын сақтауға барлық деңгейдегі қолбасшылықтың жауапты екенін айтты.