Бұл – өнер иесінің үшінші перзенті.
Лидия Кәденова немерелі болды
584
оқылды

Актриса Лидия Кәденованың ұлы, елімізге танымал жүргізуші, шоумен Дидар Кәден тағы да әке атанды. Ол бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды,  – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. 

"Сүйінші! Биіктен көрінгендей бүгін белгі, Бір шаттық кернеп жатыр шын іргемді. Өмірді тағы бір рет ұғындырып, Тәңір маған тағы бір ғұмыр берді. Шыр-пыр боп, той тойлатып жүргенімде, Шыр етіп дүниеге ұлым келді", – деп жазды ол желідегі парақшасында жұбайымен түскен суретін жариялап.

Айта кетейік, бұл – өнер иесінің үшінші перзенті. Оның бірінші некесінен ұлы бар. Мына сәби екінші некесінен туған.