Істі Ақмола облысының арнайы прокурорлары тергеді.
Су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты ұрлағандар сотталды
Фото: istockphoto
593
оқылды

300 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС-ның басшыларына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еске сала кетейік, бұл қаражат 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 отбасыны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйді салуға бөлінген болатын.

Істі Ақмола облысының арнайы прокурорлары тергеді.

- Сот үкімімен жымқыруға қатысқан тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі ("аса ірі көлемде жымқыру") және 218-бабы ("қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру, жылыстату") бойынша 8,6 және 7,6 жылға бас бостандықтарынан айыру және мүліктерін тәркілеу жазаларына тартылды, - делінген ресми ақпаратта.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.