Әкімдік отбасы Ақмола облысынан болғандықтан, емделу және оңалу кезеңінде уақытша баспана жалдауына көмектеседі.
Астанада жол апатына түсіп, екі аяғынан айырылған қызға қандай көмек көрсетіліп жатыр
istockphoto.com
316
оқылды

Астана қаласында болған жол-көлік оқиғасына байланысты зардап шеккен баланың отбасына алғашқы күннен бастап жан-жақты көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды  Аikyn.kz сайты.і Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жариялады.

Әкімдік пен автобус парк өкілдері баланың ата-анасымен және туыстарымен кездесіп, қолдан келер көмегінен аянар емес.

Олар мынадай шаралар белгіледі:

- автобус паркі сақтандыру полисі есебінен 19,6 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемі (қазіргі заң аясында тиісті рәсімдер жүргізіліп жатыр);

- қосымша автобус паркі тарапынан 10 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылданды;

- отбасы Ақмола облысынан болғандықтан, емделу және оңалу кезеңінде уақытша баспана жалдау бойынша көмек ұсынылды;

- медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр;

- әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша сүйемелдеу қамтамасыз етілуде,  делінген хабарламады. 

Қазір баланың жағдайы тұрақты, бейінді бөлімшеге ауыстырылған.  Осы ұсынылған шаралар жайында зардап шеккен қыздың туыстары хабардар.

Ел ішінде үлкен резонанс тудырған жол-көлік оқиғасы 2 маусым күні болған. Автобус Республика даңғылында жол бойындағы бағанаға соғылған болатын. Жол-көлік оқиғасы кезінде 15 жолаушы зардап шегіп, үшеуі ауыр халде ауруханаға түсті. Қатты зардап шеккен 8 жастағы қыз екі аяғынан айырылған. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, автобус жүргізушісі қамауға алынды. Кейін елорда әкімдігі көлік апаты туралы мәлімдеме жасады.

Қазір ауруханада жатқан екі науқасқа да жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Олар да сақтандыру төлемін алады.