Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен халықаралық BigONE криптовалюта биржасы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Келісімнің мақсаты – цифрлық активтер саласындағы салықтық әкімшілендіру, тәжірибе алмасу және кәсіби біліктілікті арттыру бойынша ынтымақтастықты нығайту.
Кездесу барысында тараптар келесі мәселелерді талқылады:
- криптоиндустрия мен экономиканы цифрландырудың даму перспективалары;
- Қазақстанның жаһандық криптонарықтағы негізгі қатысушылардың бірі ретіндегі өсіп келе жатқан рөлі;
- Қазақстан Республикасы Президентінің Crypto City құру және цифрлық активтер айналымына арналған заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі бастамасы.
Қазақстан тарапынан BigONE компаниясымен ынтымақтастық:
- криптовалюта операцияларының ашықтығын арттыруға;
- цифрлық ортада әділ әрі тиімді салық салуды қамтамасыз етуге;
- цифрлық активтер саласының тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді деген сенім білдірілді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.