Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қаршыға Дәуітбек (18 жеңіс, 3 жеңіліс) 27 шілде күні Жапонияда өтетін Rizin турнирінде 19 жастағы Киома Акимотоға (8 жеңіс, 1 жеңіліс) қарсы шығады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
"Спорт Шредингера" телеграм каналының ақпаратына сәйкес, жекпе-жек Токио маңындағы әйгілі Saitama Super Arena спорт кешенінде өтеді. Бұл – жартылай жеңіл салмақтағы (66 кг) үш раундтық кездесу.
Киома Акимото – 2006 жылғы спортшы, Rizin ұйымындағы төрт жекпе-жегінің үшеуінде жеңіске жеткен, барлығында да қарсыласын мерзімінен бұрын тоқтатқан. Жалғыз жеңілісін төрешілер шешімімен алған.
31 жастағы Қаршыға Дәуітбек 2024 жылы Жапонияда төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның ішінде үш жеңіс – Rizin ұйымында. 29 наурызда ол бұрынғы чемпион Чихиро Сузукиді төрешілер шешімімен жеңіп, ұйымдағы төртінші жеңісіне қол жеткізді
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз