Алматыда демалыс күндері The Spirit of Tengri фестивалі өтеді.
Алматының орталық көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
574
оқылды

Осыған байланысты  бірқатар көше мен даңғылда көлік қозғалысына шектеу енгізіледі.

7-8 маусым күндері Алматыдағы Абай алаңында сағат 17:30-дан 22:30-ға дейін заманауи этникалық музыкаға арналған жыл сайынғы халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі өтеді.

«8 маусым сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін халықаралық музыкалық фестиваль аясындағы іс-шараларға байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі: Абай даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін, сондай-ақ Достық даңғылы бойында Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, алдын ала жолыңызды жоспарлауыңызды сұраймыз", - делінген AlmatyJoly Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы бірқатар көшеде алдағы күндері қозғалыс шектелетінін жазған болатынбыз. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.