Бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 8:33-те алматылықтар жер сілкінісін сезді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Алматыда жер дүмпуі сезілді
Фото: интернеттен алынды
412
оқылды

Ведомствоның хабарламасында, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялык зерттеу институты" серіктестігінің сейсмикалық стансалар желісі 2025 жылғы 07 маусымда Астана уақытымен 08 сағат 33 минутта жер сілкінісін тіркеді делінген.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 279 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің сезілу күші – 2 балл.

Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы туралы мәлімет түскен жоқ.

Жер сілкінісі кезінде 10 қарапайым қадамды назарда  ұстау қажет:

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Жер сілкінгенде лифтті, баспалдақты қолданбаңыз;
  3. Жиhазға, терезеге жақын тұрмаңыз;
  4. Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыныңыз;
  5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндік болса, өшіріңіз;
  7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  8. Электр желілерден, ғимараттан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.