Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ аралас жаңбыр және батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр жауады.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтілуде.
Тек елдің орталығы мен шығысында күн ашық болады. Солтүстікте түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Астанада күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынды болады. Ауа температурасы +25+27°С, желдің жылдамдығы түнде 9-14, күндіз 15-20 м/с-ге жетуі мүмкін.
Алматыда күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз +30+32°С, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты. Ауа температурасы +29+31°С, желдің жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Сондай-ақ алдағы күндері бұршақ жауатынын жазған болатынбыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.